Президенттік олимпиада өтті. Президенттік олимпиада

Президенттік олимпиада

Мемлекет басшысы Нұр­сұл­тан Назарбаев тәу етер Тәу­елсіздігімізді алған күннен бас­тап жас ұрпаққа білім беру, тәрбиелі етіп өсіру мәселесін бірінші кезекке шығарып келе жатқаны қалың жұртқа мәлім. Жыл сайынғы Жолдауларында да бұл игі іс сала-салаға бөлі­ніп, тиянақты жұмыстарды тың­ғы­лықты атқару жайы да алға тар­тылып, әсіресе, жара­ты­лыстану пәндерін оқыту ту­ралы бағыт-бағдар беріп келеді. Осы қам­­қорлықты қалт­қы­сыз орындау мақсатында Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» рес­пуб­­­­ликалық ғы­лыми-практика­лық орталығы математика, физика, биология және химия пән­дерінен президенттік олимпиада өткізуді дәстүрге айналдырып отыр. Биыл да үлгі болар үрдіс жал­ғасын тауып, кеше елордада айтулы олимпиада өз жұ­мы­сын бастады. Бұл жолғы білім сайы­сы Тәуелсіздігіміздің 20 жылды­ғына арналып отыр­ғанын айта кетсек дейміз. Ел­ордадағы «Ri­­­xos President Ho­tel Astana» қо­нақ­үйінің мәжі­ліс залында аш­ыл­ған салта­нат­қа еліміздің бар­лық айма­ғы­нан келген 160-қа таяу 11-сы­нып оқушылары қа­тыс­ты. Олимпиаданың басты мақса­ты: жаратылыстану-мате­ма­ти­ка­лық бағытта дарынды оқ­у­шы­лар­ды анықтап, оларға қол­дау көр­сету, білім-білігі мықты та­лант­ты жастарға жағдай жасай оты­рып, патриоттық ру­хын биіктетіп, елдік тұрғыда тәрбие беру. Президенттік олимпиа­да­ның бас демеушісі болып отыр­ған «Эксон Мобил Қазақ­стан Инк.» компаниясы екенін, бұл ком­­па­ния­ның әркез ұрпақ тәрбие­сіне, олардың білім алуына қар­жылай көмек көрсетіп, оның ішінде, жара­ты­лыстану пәнде­рі­не әркез ілтипат таныта­ты­нын атап өтке­німіз ләзім. Олимпиадаға қатысқан оқу­шылардың білімін бағалай­тын қазылар алқасының төр­аға­сы, академик, Мемлекеттік сыйлық­тың лауреаты Мұх­тар­бай Өтел­баевтың айтуына қа­рағанда, жүз­ден жүйрік же­ңім­паздар мек­теп бітіргеннен кейін өздері қалаған жоғары оқу орындарына түсе ала­ды екен. Ол жарыс үш ке­зеңде, яғни теориялық, экспери­мент­тік және Британ кеңесінің ағ­ылшын тілінен тест тапсыр­ма­ла­рын орындау бойынша өте­ті­нін де алға тартты. Сүлеймен МӘМЕТ.

egemen.kz

ПРЕЗИДЕНТТІК ОЛИМПИАДА — «Saryarqa» телеарнасының ресми сайты

To view this video please enable JavaScript, and consider upgrading to a web browser that supports HTML5 video

Теміртау қаласындағы мемлекеттік Индустриалды университетінде жаратылыстану-математика бағытындағы Президенттік олимпиада бастау алды. Білім додасына Қазақстанның түкпір-түкпірінен 170 үміткер келді. Екі күнге жалғасатын зияткерлер сайысы 11-сынып оқушылары арасында өтеді

Ортаға  олимпиаданың жалауы әкелінді. Бұл білім додасы 11-сынып оқушылары арасында осымен 10-шы жыл қатарынан өткізіліп отыр. Дәстүрге айналған шара жыл сайын Президент күніне орай ұйымдастырылады.  Олимпиаданың Теміртау қаласындағы  Индустриалды университетінде  өтуі де бекер емес. Себебі, аталмыш оқу ошағында Елбасымыз білім алып, құрыш қалада қызмет атқарған.

Шолпан ҚИРАБАЕВА  «Дарын»  республикалық  орталығының директоры

Біздің Елбасы өзі еңбек жасаған қаладан бастаймыз. Біздің оқушылар 2 тапсырма орындайды. Теориялық және тәжірибелік. Қазылар алқасы біздің белгілі Әл-Фараби атындағы, қазақ ұлттық университетінің, ЕҰУ атындағы, Британ университеттерінің ғалымдары.

Олимпиадаға аудан, қала және облыстық іріктеуден өткен мықтылар қатысуда. Зияткерлер сайысы 2 күнге жалғасады. Оқушылар математика, физика, химия, билогоия пәндері бойынша бірнеше кезеңнен тұратынын емтихан тапсырады. Ал, 170 оқушының арасынан үздік атанған 1,2,3-ші орын иегерлері кез-келген жоғары оқу орнына түсіп, тегін түрде білім алу мүмкіндігіне ие болады.  

Қуаныш ОСПАНОВ  облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары

 Өздеріңізге қолдау білдіріп, сеніп отырған адамдардың үміттерін ақтауларыңызға тілектеспін. Сіздерге сәттілік тілеймін.

Жансая Мүбаракжан Алматы облысындағы №24 дарынды балаларға арналған лицейде білім алады. Химия пәнінен халықаралық байқаулардың 1-2-ші орын жүлдегері болашақта медицина  саласын меңгергісі келеді. Сондықтан  Президенттік олимпиадаға үлкен дайындықпен келгенін айтты.

Жансая  МҮБАРАКЖАН   үміткер  /Алматы облысы/

Облыстық іріктеуден өтіп, республикалық кезеңге қатысуға келдім. Бұл байқаудың берер пайдасы зор. Себебі, бұл 10-шы президенттік олимпиада маған жарқын болашақ ашатынына сенімдімін.

Олимпиаданың алышу салтанатына Елбасының достары мен қызметтес замандастары  қатысты. Олар оқушыларға сәттілік тілеп, жылы лебіздерін жеткізді. Олимпиаданы ҚР білім және ғылым министрлігі ұйымдастырып отыр. Ал, дәл осындай Президенттік олимпиада еш бір елде өткізілмейді. 10 жыл уақыт аралығында бұл білім жарысына 1000 - нан аса бала қатысып, оның 285-і жеңімпаз атанған.

Айдана ДАСТАН

kartv.kz

Президенттік олимпиада өтті

Жуырда Теміртау қаласында жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерден Президенттік V олимпиада ұйымдастырылды. Теміртауда болған бұл олимпиада «Нұр Отан» Халықтық демократиялық партиясының қолдауымен өтті. Президенттік олимпиадаға еліміздің әр өңірінен жиналған 200 оқушы химия, физика, математика және биология пәндерінен бақ сынасты. Президенттік олимпиадаға жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққан дарындар қатысып, өздерінің біліктіліктерін көрсетті.

Олимпиаданың Қарағанды облысын­дағы Теміртау қаласында өткізілуінің де өзіндік сыры бар. Өйткені жылда Астана төріне дарынды жастарды жинайтын шараны ұйымдастырушылар биыл Елбасының алғаш еңбек жолы басталған құрыш қалада өткізуді ұйғарыпты. Тек жаратылыстану мен математика пәндерін ғана қамтып келген Олимпиаданың биылғы жүгі ауыр болған сыңайлы. Ауыр болатын да жөні бар. Математика, химия, физика және биология пәндерін бірдей меңгерген ең білімді оқушылар іріктеліп отыр. 4 жыл бойы Олипмпиаданың жеңімпазы атанған 57 оқушы бүгінде әлемдік үздік жоғары оқу орындарында білімдерін жалғастыруда. Биыл да І, ІІ, және ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталған жүлдегерлер білім гранттарын иеленді.

Солардың бірі – Қайрат Әшім. Ол биылғы жылы химия пәнінен Лондонда өткен Дүниежүзілік олимпиаданың алтын жүлдегері. Жас дарын келешекте ғылыми жұмыстармен айналысып, Нобель сыйлығының иегері болуды армандайды. Президенттік олимпиаданың ережесі де оңай емес, төрт пәнді бірдей жақсы білу әр оқушының қолынан келе бермейтіндігі белгілі. «Лондондағы олимпиадада химиядан бір бағыт болды, сондықтан бар мүмкіншілігімді бір салаға салдым» деген жас дарын Қайрат Әшім: «Олимпиада екі турдан тұрды. Олар эксперименталдық және теориялық. Бірінші турда белгілі эксперименттер жасаймыз, ал екінші турда есептер шығарған болатынбыз», – дейді.

Белгілі профессор, әл-Фараби атын­дағы ҚазҰУ-дың оқытушысы Құр­ман­ғали Бекішев: «Біз жаратылыстану-математика бағытындағы жақсы білетін балаларды іздеп, табамыз деген ойдамыз. Биыл оңай болмайды, ал болашақта жеңілдіктер болады деп ойлаймыз», – деп алыс Альбионда өткен сынақ сәттерін сағынышпен еске алады.

Президенттік олимпиада осыдан төрт жыл бұрын, яғни 2008 жылы ұйымдастырыла бастаған еді. Олимпиаданы ұйымдастырушылар: «ҚР Білім заңына сәйкес Президенттік олимпиада жүлдегері атанған оқушылар жоғары оқу орындарында мемлекеттік гранттарды иеленуде басым құқыққа ие», – дейді. Президенттік олимпиада 8 желтоқсанға дейін жалғасты. Ал олимпиадада озық шыққан жеңімпаздар ҚР Білім және ғылым министрлігінің грамоталарымен марапатталды. Сонымен бірге, «Нұр Отан» ХДП-ның Қарағанды облыстық филиалының басшылығы жүзден жүйрік шыққан дарындарға арнайы сыйлықтар тарту етті.

Гүлзина БЕКТАС

turkystan.kz

Үш оқушы президенттік олимпиада жүлдегері атанды — «Mańǵystaý» телеарнасының ресми сайты

To view this video please enable JavaScript, and consider upgrading to a web browser that supports HTML5 video

Маңғыстаулық үш оқушы Президенттік олимпиада жүлдегері атанды.Осымен 8-ші мәрте ұйымдастырылған білім додасында № 4 мектеп гимназияның бір оқушысы бірінші, бір оқушысы үшінші орын алса Ақшұқыр мектеп- лицейінің шәкірті үшінші орын иегері атанды. Теміртау төрінде жаратылыстану бағытында ұйымдастырылған бұл білім бәйгесіне барлық өңірдің 160 оқушысы бақ сынаған. Бұл жетістік аталған олимпиадаға қатысқан жылдардағы маңғыстаулық оқушылар көрсеткен жоғары нәтиже болып отыр.

Президенттік олимпиада да бақ сынаған биылғы түлектер Алдияр Семедияров алтын тағынса, Ликов Никита мен Әуезова Мария қола медаль иегері атанды. Аталған білім бәйгесінің басты еркшелігі бұл додаға 11 сынып оқушылары ғана қатысады.  Түлектер арасындағы олимпиада жаратылыстану бағытындағы пәндер бойынша өткізілген. Олимпиаданың биылғы ерекшелгі өткен жылдардағыдай бір пәненен емес төрт пәннен  сынақ қабылданған. Сондықтан да оқушыларға тапсырмалар қиынға соққан.

Алдияр Семедьяров - Президенттік олимпиада жүлдегері

Олимпиада тапсырмалары қиын болды.Төрт пәнен қатар тапсыру қиынға соқты. Мектеп бітірушілер арасында бұған дейін бір пәннен өтіп келген болса , биыл төрт пәнеге артқан.Бұл менің республикалық олимпиада да алғаш бақ сынауым. Өзімді жақсы жағымнан көрсеттім деп ойлаймын. Және командаластарым да жоғары нәтижге ие болғанына қуаныштымын.

Олимпиада мақсаты- оқушылардың жаратылыстану-математика пәндеріне деген қызығушылықтарын арттыру. Олардың  отандық және шетелдік жоғары оқу орындарында білім алуын жалғастыру үшін үздіксіз білім беру идеясын жүзеге        асыруға бағытталған. Ал,Маңғыстаулық жеткіншектердің биылғы жетістігі бұған дейінгі олимпиадалармен салыстырғанда жоғары.

Гүлжаһан Есенғалиева «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының әдіскері

Жалпы республикалық олимадаларға дарын орталығының атынан қосымаша мектептен тыс олимпиадалық күрделі есептерді шығаруға алдын-ала дәріс беріледі. Күрделі есептерді шығаруға үйретіледі. Өткен жылы бірақ оқушымыз орын алып келген болатын, биылғы жетістігіміз жаман емес.

Президенттік олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін Астана қаласында білім және Ғылым министрі қабылдап бағалы сыйлықтар тапсырған. Енді алғыр шәкірттер еліміздегі жоғары оқу орындардын білім гранттарын алу байқауына қатыспақ.

mangystautv.kz

Президенттік олимпиада мәреге жетті

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей тапсырмасы бойынша дәстүрлі түрде жалғасып келе жатқан президенттік олимпиада соңғы екі жылдан бері Қарағанды облысының Теміртау қаласында өткізіліп келеді. Бұған ұйытқы болып отырған Білім және ғылым министрлігі «Дарын» ғылыми-практикалық орталығы екенін айта кеткеніміз жөн.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей тапсырмасы бойынша дәстүрлі түрде жалғасып келе жатқан президенттік олимпиада соңғы екі жылдан бері Қарағанды облысының Теміртау қаласында өткізіліп келеді. Бұған ұйытқы болып отырған Білім және ғылым министрлігі «Дарын» ғылыми-практикалық орталығы екенін айта кеткеніміз жөн.Биыл да сол үрдіс жаратылыстану математикалық бағыт бойынша алтыншы рет жалғасты. Бұл білім сайысының негізгі мақсатына келер болсақ, елімізді әлемдегі ең әлеуетті бәсекеге қабілетті елге айналдыру, білім беру жүйесін инновациялық даму жолына түсіру, осы негізде физика, математика, химия, биология пәндерін талантты оқушылардың терең меңгеріп шығуына мүмкіндік жасау еді.

Жоғарыда аталған пәндер бойынша жастардың ерекше талпынысын туғызып отырған білім сайысына ұм­ты­­лушылардың саны жыл сайын артып келе жатыр. Мысалы, 2012 жылы 186 оқушы қатысса, 2013 жылы тілек біл­діру­шілер одан әлдеқайда мол болды. Бұл олимпиаданың қандай артықшылығы бар дегенге берер жауап, жеңімпаздар мен жүлдегерлерге жоғары оқу орнына түсу кезінде артықшылықтардың болатындығы. Ағымдағы жылғы білім сайысында бірінші дәрежелі диплом мен алтын медальмен – 9, екінші дәрежелі дипломмен және күміс медальмен – 18, үшінші дәрежелі дипломмен және қола медальмен – 30 оқушы марапатталды.

Екі жүзге таяу талапкерлердің арасынан озаттарды таңдау оңай бола қойған жоқ. Әйтсе де, білім білігі мықты академик Мұхтарбай Өтелбаев бастаған қазылар алқасы нағыз таланттарды іріктеп алды.

Сүлеймен МӘМЕТ,

«Егемен Қазақстан». 

egemen.kz